Қарағандыда танымал фитнес-орталық жанып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
30 мамырда сағат 15:54-те ТЖД-ға "Гигант" фитнес-орталығында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.
Қазіргі уақытта шамамен 140 шаршы метр алаңдағы шатыр мен жылытқыштың ағаштан жасалған конструкциясы жанып жатыр. Өртті сөндіруге Қарағанды облыстық ТЖД-дан 55 адам мен 10 техника жұмылды. Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ.
Өрттің видеосы әлеуметтік желілерде пайда болды.
Айта кейік, Қазақстанда 1 маусымнан бастап фитнес-орталықтар мен спа-орталықтар қызметін бастайды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!