06 сәуір 2022 | 13:30

Қарағандыда тұрғындар су басқан көшеде көлік қозғалысын реттеген полицейге риза болды

Дина Шарипханова Корреспондент

Әлеуметтік желіде жолдың су басқан бөлігінде көлік қозғалысын реттеген полицейдің видеосы тарады. Желі қолданушылары тәртіп сақшысының әрекетіне сүйсінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әлеуметтік желіде жолдың су басқан бөлігінде көлік қозғалысын реттеген полицейдің видеосы тарады. Желі қолданушылары тәртіп сақшысының әрекетіне сүйсінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео Instagram желісінде жарияланған. Жазбаға қарағанда, видео Қарағандының Оңтүстік-Шығыс ауданындағы Республика даңғылы мен Приканальная көшесі қиылысында түсірілген. Полицей су басқан жол ортасында тұрып, еш құралсыз көлік жүргізушілеріне көмектескен. Бұл ретте видеода бағдаршам жұмыс істемей тұрғаны байқалады.

Реклама
Реклама

Желі қолданушылары резеңке етіксіз суда тұрған тәртіп сақшысына тәнті болып, ол ерлік көрсеткенін жазған.

Tengrinews.kz тілшісі видеоның кейіпкерін тапты. Ол Қарағанды ​​қалалық ПБ патрульдік полиция полкінің 33 жастағы взвод командирі Біржан Қошмағанбетов болып шықты. Ол неге резеңке етіксіз және таяқсыз жүргенін айтты.

"Кеше Оңтүстік-Шығыс ауданында қардың еруі салдарынан бірнеше көшені су басты. Оның ішінде Республика даңғылында. Сағат 17.00 шамасында қауіпке байланысты бұл қиылыста бағдаршам өшірілі. Мен онда жолда кептелісті болдырмау үшін жасақты орналастыруға келдім. Көліктердің көптігі мен су басқан жолды көріп, қоластымадағы қызметкердің орнына көлік қозғалысын өзім реттеуді жөн көрдім. Дәл осы сәтте мені түсіріп алыпты. Менде таяқша болған жоқ, өйткені мен тек жасақты орналастырамын", - дейді Біржан.

Полиция капитаны денсаулығына алаңдаған барша қарағандылыққа алғыс білдірді.

"Мен үшін алаңдағандарға рақмет. Бірақ мен ол жерде ұзақ тұрмадым, иә, су болдым, бірақ жағдайым жақсы. Содан кейін мені резеңке етік киген жігіттер ауыстырды. Ерлік жасадым деп ойламаймын. Бұл жұмыс және бәрі болуы мүмкін", - деп қосты капитан.

Еске салайық, бұған дейін Қарағандының Оңтүстік-Шығыс ауданын су басқаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная