13 қазан 2022 | 08:30

Қарағандыдағы дүкенде кезекке таласқан әйел сатушыны бір ұрып құлатты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Қарағандыдағы сауда орындарының бірінде кезекке таласқан әйел 18 жастағы сатушыны бір ұрып құлатып, кейін жай ғана айыппұлмен құтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қарағандыдағы сауда орындарының бірінде кезекке таласқан әйел 18 жастағы сатушыны бір ұрып құлатып, кейін жай ғана айыппұлмен құтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шыдамсыз тұтынушы мен кассирдің оқиғасы бақылау камерасына түсіп қалған.

Зардап шегушінің туысының айтуынша, қыз қысқа үзіліс кезінде шайға шоколад сатып алайын деп кетіп бара жатқанда, артында тұрған әйел дөрекі сөздер айтып, оны асықтырған.

Реклама
Реклама

Кассир жеке басқа өтпеуді, әдепті болуды сұрағанда соққы алып, жерге қүлаған. Қыз алған соққысынан біраз уақыт есін жинай алмай, орнынан тұра алмаған. 

Медициналық сараптама денсаулыққа жеңіл жарақат алғанын анықтаған. Сондықтан іс әкімшілік сотта қаралып, сатып алушы тек айыппұлмен шектелген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная