Қарағандыдағы жаппай улану оқиғасы: балалардың қазіргі жағдайы қандай?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:instagram.com/pmsu_deti

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятқа Қарағандыдағы Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында балалардың жаппай улану дерегіне қатысты тергеу барысы туралы сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятқа Қарағандыдағы Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында балалардың жаппай улану дерегіне қатысты тергеу барысы туралы сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, қазір бес бала емделіп жатыр.

"Негізгі диагноздан - улы заттан улану - балалар сауықты. Бүгінде балалар оңалту бөлімінде жатыр, 21 күн ішінде сауықтыру шаралары қабылданады. Тергеу органдары, оның ішінде прокуратура себептерді анықтау үшін әлі де тергеу жүргізіп жатыр, тергеу әлі аяқталған жоқ", - деді Ғиният үкімет брифингінде.

Реклама
Реклама

Ол медициналық-әлеуметтік орталық қызметкерлері жұмысқа оралғанын еске салды.

"Олар жұмыс істеп жатыр, сонымен қатар барлық балалар да бақылауда, оның ішінде медицина қызметкерлері де. Тергеу кезінде олар шақырылды, сондықтан біраз уақытқа жұмыстан шеттетілді, тергеу шаралары жүргізілді, қазір жұмыс істеп жатыр", - деп қорытындылады Ғиният.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама