ПОДЕЛИТЬСЯ
31 қазан 2023 | 15:12
Қарағандыдағы қайғылы оқиға: "АрселорМиттал Теміртау" қызметкерлерінен жауап алынды
Ведомствоаралық жедел-тергеу тобы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Костенко атындағы шахтасында болған оқиғаларды тергеуді жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ведомствоаралық жедел-тергеу тобы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Костенко атындағы шахтасында болған оқиғаларды тергеуді жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.
Жергілікті орында үйлестіруді Бас Прокурордың бірінші орынбасары жүзеге асырып жатыр.
"Газ-метан қоспасының жарылуының себептері мен жағдайларын анықтау мақсатында шахтаға түсу арқылы оқиға орнын алғашқы тексеру жүргізілді.
Ауысым қызметкерлерінен, "АМТ" Көмір департаментінің басшылары мен жауапты қызметкерлерінен жауап алынды.
Бірқатар сот сараптамалары, оның ішінде жарылыс-техникалық, биологиялық, геномдық-молекулалық және т.б. тағайындалды", - делінген хабарламада.
Кеншілер еңбегінің қорғалуының материалдық қамтамасыз етілу талаптарына сәйкестігін тексеру және қорытынды беру үшін мемлекеттік аудит мамандары мен басқа да сарапшылар тартылғаны айтылды.
"Шахтада жұмыстарды ұйымдастыруға және қауіпсіздік техникасын қамтамасыз етуге арналған құжаттамар алынып, талдануда. Өзге де қажетті іс-шаралар өткізіліп жатыр. Кінәлі тұлғалардың іс-әрекеттеріне тиісті құқықтық баға берілетін болады.
Зардап шеккендер мен туыстарының қатысуымен өткізілетін тергеу әрекеттері олардың денсаулық жағдайы және жерлеу рәсімдерін өткізу қажеттілігін ескере отырып жүргізіледі".
Тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық іс Бас Прокурордың бақылауында. Өзге ақпарат Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также