ПОДЕЛИТЬСЯ
05 шілде 2022 | 10:59
Қарағандыдағы өрт салдары тікұшақтан көрсетілді
Қарағандыда екі алапат өртті 300-ге жуық құтқарушы мен тікұшақ өшіруге тырысты. Өрт ауыздықталды. Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті шыққан өрттің салдарын биіктен көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қарағандыда екі алапат өртті 300-ге жуық құтқарушы мен тікұшақ өшіруге тырысты. Өрт ауыздықталды. Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті шыққан өрттің салдарын биіктен көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қарағанды шаруашылығының орман және жануарлар дүниесін қорғау аумағында 70 гектар жер зардап шекті, ал оның 40 гектары орман.
Тікұшақтан түсірілген видеода күл болған қара жер көрінді.
Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек зардап шеккендер жоқ дейді. Алдын ала есептеулер бойынша, өрттің жалпы ауданы 200 гектар.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Қарағандыда Осевая көшесінің шетіндегі ағаш отырғызу аумағынан шыққан өрттен алты саяжайға зақым келген. Сондай-ақ, қала маңындағы жеті аудан аумағында 15 шаруашылық ғимараты жартылай өртенді. Өртсөндірушілер 5 адамды құтқарды, тағы 25 адам қауіпсіз жерге көшірілді.
Қазір екі өрт те бақылауға алынып, құтқарушылар өртті тоқтатты. Ормандар мен бұталар белсенді жанып жатқан аумақтар жоқ.
Өртті жоюға ТЖД, 52859 әскери бөлімі, жергілікті полиция қызметі, орман шаруашылығының және құрамында 289 адам мен 68 техникасы бар "Қазавиақұтқару" күші жұмылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также