Қарағандыдағы полиция пунктінде жұмбақ жағдайда қаза болған әйелдің артында ұлы қалған

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:depositphotos.com

Қарағандыда полиция пунктінен өлі табылған әйелге қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Оның жанынан ес-түссіз жатқан учаскелік инспектор табылған еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Патриот" Telegram арнасына сілтеме жасап.

Қарағандыда полиция пунктінен өлі табылған әйелге қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Оның жанынан ес-түссіз жатқан учаскелік инспектор табылған еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Патриот" Telegram арнасына сілтеме жасап.

Арна мәліметінше, марқұмның жасы 23-те, артында 4 жастағы ұлы қалған. Ол еш жерде жұмыс істемеген және учаскелік полиция қызметкерімен таныс болған. Туыстары өлімнің нақты себебін білу үшін химико-токсикологиялық сараптаманың қорытындысын күтіп отыр.

Ал дәрігерлердің айтуынша, Қарағандыдағы Михайлов полиция бөлімінің пунктінен ес-түссіз табылған учаскелік инспектор ауыр халде болған. 36 жастағы полиция қызметкерінің жағдайы әлі де ауыр, бірақ енді өміріне қауіп жоқ екені айтылды.

Реклама
Реклама

"Жағдайының жақсару динамикасы байқалады", – деп хабарлады Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Еске салайық, 1 қазанға қараған түні Қарағандыдағы полиция пунктінен әйелдің мәйіті табылған болатын. Сол жерде ес-түссіз жатқан полиция қызметкері де болған, ол ауруханаға жеткізілді. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама