02 маусым 2022 | 14:45

Қарағандылық "Фитохимия" кешені мемлекетке қайтарылады

Фото:phyto.kz

Бұрын Қарағанды фармацевтикалық кластеріне берілген "Фитохимия" ғылыми-өндірістік кешені мемлекет меншігіне қайтарылады. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бұрын Қарағанды фармацевтикалық кластеріне берілген "Фитохимия" ғылыми-өндірістік кешені мемлекет меншігіне қайтарылады. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Институттың маңызы мен әлеуеті зор. Ішкі аудит қызметінің тексеру жұмысы келісімнің мемлекетке тиімсіз екенін көрсетті, мүліктік кешенді бағалауға, оның құны мен бөліп төлеуге қатысты сұрақтар туындады. Сол себепті мемлекет меншігіне қайтару бастамасы көтерілді. Тиісті құжатқа қол қойылып, рәсімдер жүргізіліп жатыр", - деді министр Telegram-каналында. 

Сонымен қатар ол Қарағанды қаласының саябақ аймағындағы жерлерді қаланың орталық саябағының бір бөлігі ретінде мемлекет меншігіне қайтару мәселесі қарастырылатынын атап өтті.

Реклама
Реклама

Ұйымның сайтындағы мәлімет бойынша, "Фитохимия" халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі биологиялық белсенді заттарды іздеуден, дәрілік шикізатты өсіруден, оны қайта өңдеуден бастап, жаңа фитопрепараттардың дәрілік түрлерінің тәжірибелік-өнеркәсіптік партияларын өндіруге дейінгі бірегей отандық фитопрепараттарды әзірлеумен айналысады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная