01 қаңтар 2023 15:06

Қарағандылық құтқарушылар Жаңа жыл түні екі балықшы мен шопан құтқарылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Қарағандылық құтқарушылар 1 қаңтарға қараған түні Балқаш көлінен 26 шақырым жерде көлігі бұзылып қалған екі балықшыны құтқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандылық құтқарушылар 1 қаңтарға қараған түні Балқаш көлінен 26 шақырым жерде көлігі бұзылып қалған екі балықшыны құтқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

1 қаңтарда сағат 1:30-да Балқаш көлінде Қарағанды ​​облысы төтенше жағдайлар департаментінің күштері Тораңғылық ауылынан оңтүстік бағытта көлікпен шығып, қайта оралмаған 2 балықшыны іздеуге кірісті.

"Сағат 3:30-да құтқарушылар балықшыларды сынған көлікпен жағалаудан 26 шақырым жерде тапты. 05:55-те ер адамдар жағаға шығарылды, оларға медициналық көмек қажет болмады", - делінген Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарламада.

Реклама
Реклама

Департамент өкілі ауа райы нашарлаған кезде, әсіресе түнде ұзақ қашықтыққа сапарға шықпауға шақырды. Сондай-ақ жолға шықпас бұрын көліктің техникалық жарамдылығын тексеріп, ауа райы болжамы мен дауылды ескертулер туралы ақпаратты қадағалау қажет екенін ескертті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram