07 мамыр 2019 17:52

Қарағандылық отбасы қызының есімін Дейнерис деп қойды

Қарағандылық отбасы дүниеге келген қызының есімін "Тақтар ойыны" сериалының кейіпкері құрметіне қойған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандылық отбасы дүниеге келген қызының есімін "Тақтар ойыны" сериалының кейіпкері құрметіне қойған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Кішкентай Дейнерис Қарағандыда 26 сәуірде дүниеге келген. Оған мұндай есімді беру туралы ата-анасы бірнеше жыл бұрын ойластырған. 

Реклама
Реклама

"Күйеуім "Тақтар ойыны" сериалын қарап бастаған болатын, бірақ ол маған ұнамады. Әйтсе де, мен бұл есімді естідім де, бірден ғашық болып қалдым. Кейін бұл фильмді қарай бастаған соң, күйеуіме оның не үшін ұнайтынын түсіндім", - деді Дейнеристің анасы Римма. 

Жарының осы ұсынысын күйеуі қолдаған. Ал туыстарына бұл идея ұнамаған екен. Тіпті, Римманың анасы қыздың есімін Дейнерис деп қоятын болса, перзентханаға бармайтынын да айтқан. Ал қазір бәрі көніпті.

Қазір кішкентай Дейнерис үйінде. Қыз бала ағасы Адрианмен ойнап, көшеде серуендегенді жақсы көреді. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram