Қарағандылықтар мемлекетті 700 миллион теңгеге алдады деп айыпталды

© pixabay.com

Бір топ қарағандылық мемлекетке 700 миллион теңгеден аса шығын келтірді деп айтыпталып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне сілтеме жасап.

Бір топ қарағандылық мемлекетке 700 миллион теңгеден аса шығын келтірді деп айтыпталып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, қылмыстық топтың бұл әрекетін жедел-тергеу іс-шаралары барысында өңірдің жедел уәкілдері әшкерелеген. 2016-2020 жылдар аралығында қылмыскерлер Қарағандыда жалған шот-фактураларды заңсыз жазып бергені белгілі болды.

"Жеті адамнан тұратын топ салық төлеуші-контрагенттерге бюджетке салық төлеуден жалтаруға көмектесу үшін бақыланатын 13 кәсіпорын құрған. Олар жалған келісімдер жасап, шығындарды жасанды түрде арттырған. Бұл күдіктілердің қылмыстық әрекеттерінен келтірілген жалпы шығын 700 миллион теңгеден асты", - деді департаменттегілер.

Реклама
Реклама

Күдіктілерге қатысты елден шықпау туралы бұлтарпау шарасы таңдалды, тағы біреуі үй қамауына алынды. Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама