ПОДЕЛИТЬСЯ
30 қыркүйек 2020 | 10:09
Қарағандының экс-әкімі жаңа қызметке тағайындалды
Нұрлан Әубәкіров "Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Компанияның экс-басшысы Халел Әкімжановтың басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылғаны айтылады.
Нұрлан Әубәкіров еңбек жолын бюджеттік банктің аға ревизоры болып бастады. Қарағанды облыстық қазынашылық басқармасында, Қарағанды облысы бойынша экономика және кәсіпкерлікті дамыту Бас басқармасында, Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінде жұмыс істеді.
2014 жылдың маусым айынан 2020 жылдың қыркүйек айына дейін Қарағанды қаласының әкімі қызметін атқарды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также