12 сәуір 2023 | 15:50

Қаражаттың бәрі құмға сіңген судай болды, ал экс-басшысы елден кетіп қалды - Тоқаев "Парасат" холдингі туралы

Дина Шарипханова Корреспондент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаражаттың бәрі "құмға сіңген судай" болған "Парасат" холдингінің жағдайын, ал бұрынғы басшы АҚШ азаматтығын алып, елден кеткенін еске алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаражаттың бәрі "құмға сіңген судай" болған "Парасат" холдингінің жағдайын, ал бұрынғы басшы АҚШ азаматтығын алып, елден кеткенін еске алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ғылымды мемлекет тарапынан қаржыландыруға ғалымдар, нақтырақ айтқанда псевдоғалымдар "майшелпек" ретінде қарамауы керек екенін баса айтқым келеді. Қаржы гранттарының көбінесе ғылыми маңызы, өзектілігі жоқ жобаларға берілетіні ешкімге жасырын емес. "Парасат" ғылыми холдингінде болған өкінішті жағдай – осының анық мысалы. Бөлінген қаражаттың бәрі құмға сіңген судай болды. Ал оның бұрынғы басшысы, химия ғылымдарының докторы Америка азаматтығын алып, отбасымен бірге елден кетіп қалды. Еліміздегі зерттеу университеттерінің санын біртіндеп көбейту қажет. Шетелдің жетекші жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу тәжірибесін жалғастыру керек", - деді Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Реклама
Реклама

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная