ПОДЕЛИТЬСЯ
02 қараша 2022 | 12:45
Қарақат Әбден жастарды Хэллоуин мерекесін тойламауға шақырды
Президенттікке үміткер Қарақат Әбден қазақстандық жастарды Хэллоуин мерекесін тойламауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Президенттікке үміткер Қарақат Әбден қазақстандық жастарды Хэллоуин мерекесін тойламауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сондай-ақ ол Facebook парақшасында қазақтың дәстүрлі мерекелерін насихаттауға, Хэллоуин сияқты мерекелерге мемлекеттік деңгейде тыйым салу керек деді.
"Ұлттық құндылықтарымыз бен салт-дәстүрімізге жат мерекелер бізге не үшін керек? Кеше Алматыда алдымнан бетіне түрлі сурет салған бір топ жас шықты.
Хэллоуин сияқты мерекелерге мемлекеттік деңгейде тыйым салу керек деп есептеймін. Балаларымыздың дұрыс тәрбиесіне тиісті көңіл бөлуіміз керек. Салт-дәстүрімізді құрметтеп, ұлттық мерекелерімізді насихаттайық", - дейді Қарақат Әбден.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также