Қарақат Әбден президенттікке кандидат ретінде тіркелді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото: instagram.com/abdenkarakat

Қарақат Әбден Қазақстан президенттігіне кандидат болып тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарақат Әбден Қазақстан президенттігіне кандидат болып тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Орталық сайлау комиссиясы 8 қазанда Орталық сайлау комиссиясына Әбден Қарақат Жақсылыққызының "Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы" үкіметтік емес ұйымынан президенттікке кандидат ретінде ұсынылуы туралы құжаттары тапсырылғанын мәлімдеді. 

"Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидатты тіркеуге қажетті барлық рәсімдер сақталды. Орталық сайлау комиссиясы Қарақат Әбденді Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат ретінде тіркеді", - деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Реклама
Реклама

Әбден 1974 жылы 7 мамырда дүниеге келген. Алматы халық шаруашылығы институтын экономист және маркетинг мамандығы бойынша бітірген. Төрт баланың анасы, қоғам қайраткері, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, Астана қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі, қоғамдық кеңестің мүшесі. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама