12 наурыз 2020 | 17:03

"Карантин жарияланбайды". Біртанов Қазақстандағы шектеулерге қатысты пікір білдірді

© ortcom.kz

Қазақстанда карантин жарияланбайды, тек коронавирус жұқтырудың алдын алу шаралары қабылданады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда карантин жарияланбайды, тек коронавирус жұқтырудың алдын алу шаралары қабылданады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Неге екенін білмеймін, жалпыұлттық карантин жарияланды деген пікір қалыптасып жатыр. Тек адам көп жиналатын шаралар өткізбеуге тыйым салынды. Бұл барлық қоғамдық жерді жабу деген сөз емес, керісінше, Мемлекет басшысы орта және шағын бизнеске жұмысын жалғастыруды тапсырды", - деді Біртанов.

Реклама
Реклама

Министр секциялардың, фитнес-орталықтардың және басқа да ұйымдардың жұмысы жалғаса беретінін айтты. Ол жерлерге баруға тыйым жоқ дейді ол.

Қазақстандағы адам көп жиналатын барлық шараға тыйым салынды

"Тек адам көп шоғырланатын іс-шараларды өткізуге тыйым салынды. Қалған мәселелер бойынша санитарлық режим күшейтіліп жатыр", - деп түсіндірді министр.

Еске салайық, мұның алдында Қазақстан коронавирус жұқтырған елдерге баруға тыйым салған еді.

Тоқаев коронавирус пандемиясына қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная