ПОДЕЛИТЬСЯ
25 тамыз 2020 | 10:01
Карантин кезінде 2 миллионнан аса қазақстандық біржолғы төлем алған
2,3 миллионнан аса қазақстандық карантин кезінде табысын жоғалтқаны үшін біржолғы төлем алған. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
2,3 миллионнан аса қазақстандық карантин кезінде табысын жоғалтқаны үшін біржолғы төлем алған. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
25 тамыз сағат 09.00-дегі жағдай бойынша шілдеде шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2 миллион 589 мыңнан аса бірегей өтініш қабылданды, төлем мөлшері ең төменгі жалақыға – 42 500 теңгеге тең.
"Төлем 2 миллион 384,3 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2 миллион 380,2 мың қазақстандыққа аударылды. Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан аумағында карантиннің 2 аптаға созылуына байланысты МӘСҚ-тан біржолғы төлем алушыларға 0,5 ЕТЖ – 21 250 теңге мөлшерінде қосымша ақы төленеді. 2020 жылдың шілдесінде МӘСҚ-тан біржолғы төлем алған қазақстандықтарға карантиннің ұзартылуына байланысты қосымша ақы автоматты түрде тағайындалады. Қайта өтініш берудің қажеті жоқ", - делінген хабарламада.
Карантин ұзартылғаннан кейін біржолғы төлем тағайындауға алғаш рет өтініш берген азаматтарға төлем 1,5 ЕТЖ немесе 63 750 теңге (42 500 + 21 250 теңге) мөлшерінде тағайындалады.
Министрлік мәліметінше, өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также