ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 17 сәуір 2020 15:39
Карантин кезінде массажға барған төрт алматылық ұсталды
Алматыда карантин кезінде массажға барған төрт ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қалалық полиция Департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбековтің айтуынша, тексеріс кезінде жеті әйелдің қызмет көрсетіп жатқаны анықталған.
"Мекемелердің бірі Медеу ауданында орналасқан, екіншісі – Бостандықта. Тексеру кезінде ол жерде жеті әйел "жұмыс істеді", соның ішінде салон әкімшілері де бар. Әкімшілік іс жүргізу үшін 11 адам аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Олардың әрекеті ҚР ӘҚбК-нің 476-бабы бойынша төтенше жағдай режимін бұзу болып танылды”, – деді Алмасбеков.
Полиция өкілі кінәлілердің жазаланатынын айтты.
Еске салайық, мұның алдында Нұр-Сұлтанда боди-массажға барғандардың бес тәулікке қамауға алынғаны хабарланған болатын.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу