11 қараша 2020 | 11:01

Карантин кезінде тойда жүрген танымал спортшы жауапкершілікке тартылады

Айбек Нұғымаров. © iqkf.org.kz

Белгілі спортшы, колледж директоры Айбек Нұғымаров тәртіптік жауапкершілікке тартылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Белгілі спортшы, колледж директоры Айбек Нұғымаров тәртіптік жауапкершілікке тартылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ШҚО білім басқармасы танымал балуан және Семей колледжінің директоры Айбек Нұғымаровтың карантин кезінде тойда жүрген видеосына қатысты пікір білдірді.

Реклама
Реклама

"Барлық қызметкер мен оқушыларына үлгі болып саналатын директордың өзі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзады. Айбек Серікболұлы қазіргі уақытта еңбек демалысында. Демалыстан шыққан соң оны тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесі қаралады. Оқытушылар қауымын шектеулерді сақтауға, қашықты сақтаудың, бетперде тағудың, санитарлық нормаларды сақтаудың маңыздылығын көрсете білетін үлгі болуға шақырамыз", - делінген ШҚО білім басқармасының ресми хабарламасында.

Еске салайық, мұның алдында карантин кезінде тойда жүрген танымал спортшылардың видеоға түсіп қалғаны хабарланған болатын.
 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная