Карантин күшейтілген соң тағы 42 500 теңгеден беріле ме?

ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов күшейтілген карантин режимі кезінде 42 500 теңге беріле ме деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов күшейтілген карантин режимі кезінде 42 500 теңге беріле ме деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мұның барлығы (төлемдер - автор.) ТЖ режимімен байланысты болды. Төтенше жағдай режимі тоқтатылды, енді оны төлеуге ешқандай негіз жоқ. Сондықтан барлық қазақстандық жұмысын жалғастыруы керек", - деді Ералы Тоғжанов.

Еске салайық, мұның алдында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов те енді 42 500 теңге берілмейтінін айтқан болатын. "Енді 42 500 теңге берілмейді, ондай төлем жасауды жоспарлап отырған жоқпыз. Олар үшін бюджеттен арнайы қаражат қарастырылмайды, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының қаражаты жұмсалды", - деген Нұрымбетов.
 

Реклама
Реклама

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама