ПОДЕЛИТЬСЯ
18 мамыр 2020 | 18:45
Карантин режимі жеңілдетілгенімен, әлі де сақталуда - Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев карантин режимі сақталатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев карантин режимі сақталатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Коронавирус індетіне қарсы күрестегі оң нәтижеге қарамастан, оның таралу қаупі сейілген жоқ. Азаматтарды денсаулықтарына зиян келтірмеу үшін, әсіресе, көпшілік жиналатын жерлерде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамын. Карантин режимі жеңілдетілгенімен, әлі де сақталуда", - деп жазды Президент Twitter желісінде.
Коронавирус індетіне қарсы күрестегі оң нәтижеге қарамастан, оның таралу қаупі сейілген жоқ. Азаматтарды денсаулықтарына зиян келтірмеу үшін, әсіресе, көпшілік жиналатын жерлерде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамын. Карантин режимі жеңілдетілгенімен, әлі де сақталуда.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) May 18, 2020Бұған дейін Алматыда, Нұр-Сұлтан және бірқатар қалада карантиннің жеңілдейтіні хабарланған болатын.
Алматыда 25 мамырда сауда және ойын-сауық орталықтары мен жазғы кафелер іске қосылады. Атап айтқанда, СҮ, СО, СОО аумағында орналасқан азық-түлік емес бутиктер, сұлулық салондары, химиялық тазарту және мейрамханалар қызметін бастайды. Кейбір қонақүй де жұмыс істейді. Алайда бұл хостелдерге қатысты емес.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также