14 шілде 2020 | 14:19

Карантин шаралары елорда дәрігерлерінің жүктемесін азайтты - әкімдік

Нұр-Сұлтанда 5 шілдеде карантин шаралары енгеннен бері, медицина қызметкерлері мен медициналық мекемелердің жүктемесі төмендеді. , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтанда 5 шілдеде карантин шаралары енгеннен бері, медицина қызметкерлері мен медициналық мекемелердің жүктемесі төмендеді. , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімдік мәліметінше, егер бұрын күніне 500-ге жуық науқас келіп түссе, қазір екі есе төмен көрсеткіш байқалады. Сауығып кеткендердің саны да 2 есе артып, бүгінде күніне 400-ге жуықтады дейді.

Реклама
Реклама

"Жедел жәрдем станциясына келіп түскен шақыру тәулігіне 2800-ден 1600-ге дейін азайды. Сондай-ақ пневмониясы бар науқастар 14 пайызға азайды. Қабылданған карантин шаралары мен амбулаторлық емдеу нәтижесі арқасында төсек-орын қажеттілігі 99 пайыздан 73 пайызға дейін төмендеді. Мәселен, "Орталық теміржол ауруханасында" карантинге дейін Covid-19 анықталған 230 науқас болса, қазір 124 науқасқа дейін, №1 қалалық ауруханада науқастар саны 760-тан 500-ге дейін, №3 қалалық ауруханада 475-тен 320 науқасқа дейін қысқарды. (...)", - дейді әкімдіктегілер.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная