22 шілде 2020 11:28

Карантин талабы қалай сақталып жатыр? Нұр-Сұлтанда рейд жүреді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: © Tengrinews.kz Фото: © Tengrinews.kz

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бахтияр Макеннің төрағалығымен бейнебайланыс арқылы коронавирус инфекциясымен күрес жөніндегі штаб отырысы өтті, - деп хабарлайды covid19.astana.kz.


Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бахтияр Макеннің төрағалығымен бейнебайланыс арқылы коронавирус инфекциясымен күрес жөніндегі штаб отырысы өтті, - деп хабарлайды covid19.astana.kz.

Отырыс барысында коронавирусқа қарсы әрекет ету комиссиясының жұмыс барысы, аудандық мониторинг топтарының санитариялық-эпидемиологиялық және шектеу шаралары талаптарының сақталуы, елорда дәріханаларындағы дәрі-дәрмектердің бағасы мен қол жетімділігін бақылау мәселелері талқыланды.

Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан аумағында аудандық мобильді мониторинг топтары құрылған.

Топтардың міндеті - карантин шаралары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, санитариялық қорғаныс құралдарының (санитайзерлер, тепловизорлар, маскалар және т.б.) бар-жоғын тексеру, Нұр-Сұлтандағы кәсіпкерлік субъектілерінің карантин режимін бұзу фактілерін анықтау және жолын кесу.

"Осы жылдың 5-20 шілде аралығында мобильді мониторингтік топтар 335 кәсіпкерлік субъектілеріне санитариялық нормаларды сақтау талабына тексеріс өткізді, 159 субъектіде заң бұзушылықтар анықталды. Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментімен карантин шаралары кезеңінде жұмыс режимін бұзғаны үшін ҚР Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабы 1 тармағы бойынша 20 әкімшілік іс қозғалып, 20 әкімшілік айыппұл салынды (шағын кәсіпкерліктің әрқайсысы 230 АЕК мөлшерінде, егер төлем 7 күн ішінде жасалса, қысқартылған тәртіппен - 115 АЕК, орта бизнес - 310 АЕК, қысқартылған тәртіппен - 155 АЕК)", – деді елорда әкімдігі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі сараптамалық-мониторинг тобының жетекшісі Шыңғыс Қуатбеков.

Елордада өткен тәулікте полиция қызметкерлері, эпидемиологтар, еріктілер, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері карантин талабының бұзудың 78 дерегін анықтады. Оның 57-сі маска тақпау, арақашықтық сақтамауға байланысты.

"Барлық мемлекеттік орган халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жалғастырып, азаматтарды қоғамдық орындарда санитариялық нормаларды сақтауға шақыруы керек. Демалыс күндері тұрғындар ойын-сауық ұйымдастырып, елорда шетіндегі көлдерде карантин режимін ғана емес, қоршаған ортаны да ластап жатыр", - деді Макен.

Отырыс соңында Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары аудан әкімдіктеріне полиция департаментімен, тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментімен бірлесіп, қала маңындағы аудандарға рейд жүргізуді және карантин режимі мен қоршаған ортаны қорғау қажеттілігі туралы халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети