"Карантиннен бас тартқан" Көкшетауда 71 жастағы зейнеткер қылмыстық жауапкершілікке тартылады

Фото: УНИАН

Көкшетау қаласында карантинге жатудан бас тартқан зейнеткерге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көкшетау қаласында карантинге жатудан бас тартқан зейнеткерге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

71 жастағы зейнеткер "Минск - Нұр-Сұлтан" әуе рейсі арқылы елге оралған. Алайда ол карантинге жатудан бас тартып, Көкшетау қаласындағы үйіне келіпті.

Санитарлық эпидемиологиялық станция мен жедел жәрдем қызметкерлері зейнеткерді тексеру үшін оның тұрғылықты мекен-жайына барған. Алайда ол есікті ашудан бас тартқан.

Реклама
Реклама

"Олар болған жағдайды Көкшетау қаласының полиция департаменті мен басқа да өкілетті органдарға хабарлаған. Төтенше жағдай қызметкерлері пәтердің есігін ашып, зейнеткерді емдеу мекемесіне карантинге жатқызған. Онда азаматтан анализ алынып, ол вирусологиялық зертханаға жіберілді", - делінген хабарламада.

Бұл факті бойынша полиция қызметкерлері ҚР қылмыстық кодексінің 304 бабы 1-тармағы (Санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғады.

Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 61-ге жетті.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама