Карантиннен қашып кеткендердің бірі мемлекеттік қызметші болып шықты - санитар дәрігер

Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов Нұр-Сұлтандағы ПТР-тест тапсыру пунктінен қашқандардың бірі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қызметкері болып шыққанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әуежайдан ПТР анықтамасынсыз қашып кеткен елордалық екі тұрғын ұсталып, ПТР-тест тапсыру үшін карантиндік стационарға жеткізілді, оларға 30 АЕК (83 340 теңге) көлемінде айыппұл салынады.

Ерлі-зайыпты Шарм-эль-Шейхтен келген, олардың бірі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қызметкері", - деді Байғабылов.

Бұған дейін Шарм-әл-Шейхтен оралған елордалықтар әуежайда арнайы автобусқа отырғызатын кезде ПТР-тест тапсырмай қашып кеткені хабарланған болатын.

Реклама
Реклама

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама