01 қараша 2018 | 14:59

Қарашада ауа райы қандай болады?

© Тұрар Қазанғапов

Синоптиктер қарашада ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер қарашада ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Алдын ала болжам бойынша қараша айында синоптикалық процесстердің жиі алмасуына байланысты ауа райы құбылмалы болып, аязды және жылы күндер алма кезек ауысып жауын-шашынды, ұйытқымалы жел соғып, жолдарда көктайғақ болады, түнде және таңертең тұман күтіледі.

Реклама
Реклама

Бірінші онкүндіктің ортасында және соңында аяз кәдімгідей сезіледі, термометрдің бағанасы: солтүстік жартысында түнде 5...15 аязға дейін, күндіз 0...8 аязға дейін; оңтүстік жартысында түнде 0...7 аязға дейін, күндіз 0...5 жылыға дейін төмендейді.

Екінші және үшінші онкүндіктердің ортасында болжанатын екі суық толқын алдыңғыдан қарқындырақ күтіледі.
Нәтижесінде орташа айлық ауа температурасы климаттық нормаға жуық, тек Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында нормадан 1 градусқа төмен күтіледі.

"Айлық жауын-шашын мөлшері Қызылорда облысында, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының солтүстік жартысында мөлшерден аз, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында, Қостанай облысының солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде, Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының таулы және тау бөктері аумақтарында мөлшерден көп, қалған аймақтарда - мөлшер шамасында", - деді "Қазгидромет" өкілдері.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная