ПОДЕЛИТЬСЯ
02 қараша 2020 | 17:29
Қарашада ауа райы қандай болады?
Синоптиктер қарашада ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Синоптиктер қарашада ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Синоптиктердің мәліметінше, қарашаның басында Қазақстанның солтүстік жартысы мен орталығында және шығыста жаңбыр мен қар жауып, ауа температурасы түнде-3-11 градусқа дейін, күндіз -5+3 градусқа дейін төмендейді деп болжанады.
"Бірінші онкүндіктің екінші жартысында ауа температурасының түнде -6+2 градусқа дейін, күндіз +3+8 градусқа дейін жоғарылауы болжанады, онкүндіктің соңында ауа температурасының түнде-5-13 градусқа дейін, күндіз 0 -8 градусқа дейін төмендеуі күтіледі. Еліміздің батысы мен оңтүстік-батысында жаңбыр жауып, күндіз ауа температурасы +13+22 градусқа дейін көтеріледі.
Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысында онкүндіктің бірінші және екінші жартысында жауын-шашын күтіледі. Бірінші онкүндіктің бірінші жартысында ауа температурасы күндіз +10+18 градусқа дейін жылынады, онкүндіктің ортасында және соңында ауа температурасы түнде -5+3 дейін, оңтүстік-шығыста -10 градусқа дейін, күндіз +3+10 градусқа дейін, Алматы облысының таулы аудандарында 0 градусқа дейін төмендейді деп болжанады", - дейді синоптиктер.
Республиканың солтүстік жартысындағы ең суық күндер екінші және үшінші онкүндіктердің соңында болжанады, термометр бағандары түнде-10-20 градусқа дейін, солтүстікте 22-27 градусқа дейін, күндіз -5-18 градусқа дейін төмендейді деп болжайды синоптиктер.
Елдің оңтүстік жартысында үшінші онкүндікте де айтарлықтай төмендеу күтіледі - түнде ауа температурасы-5-12 градусқа дейін, күндіз-1+5 градусқа дейін төмендейді.
"Ең жылы күндер бірінші онкүндіктің ортасында болады, ауа температурасы +5+12 градусқа дейін, ал елдің оңтүстігінде бірінші онкүндіктің соңында болады - +12+20 градус.
Бір ай ішінде жылы және аязды күндердің жиі өзгеруі күтілуде, әсіресе елдің солтүстік жартысында.
Осылайша, Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы нормаға жуық болады, елдің солтүстік-батыс жартысында нормадан 1 градусқа жоғары, оңтүстіктің, оңтүстік-шығыс пен шығыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында нормадан 1 градусқа төмен болады деп болжанады", - деп хабарлайды "Қазгидромет" өкілдері.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также