04 шілде 2023 | 16:30

Қарашөкеев ШҚО-ның бұрынғы әкімінің қызы субсидияны қалай алғанына қатысты сұраққа жауап берді

Алғабек Хамитұлы Корреспондент
Фото:instagram.com/danial.akhmetov.official

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкім Даниал Ахметовтің қызы мемлекеттен субсидияны қалай алғаны туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкім Даниал Ахметовтің қызы мемлекеттен субсидияны қалай алғаны туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет кулуарында журналистер Ауыл шаруашылығы министрінен Ахметовтің қызы аграрлық фирмасы бизнесті дамытуға субсидия қалай алғанын сұрады.

"Олар өз жерлерін, малдарының бар екендігін көрсетеді. Ешкім олардан: "Әкең кім, шешең кім?" немесе "Өзің кімсің?" деп сұрамайды. Жүйе объективті түрде қарап, егер негіз болса, субсидияны төлейді. Егер ақша жоқ болса, күту парағына кезекке қойылады. Мен өз басым министр ретінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді бөлмеймін: олардың әкесі кім, шешесі кім, жағдайы қандай, бай ма, кедей ме, бәрібір. Бізде заң, ереже бар. Сол арқылы субсидия алуға нақты талаптар арқылы жол беріледі. Құқықтық мемлекетте өмір сүріп жатырмыз ғой", - деді Ауыл шаруашылығы министрі.

Реклама
Реклама

Журналистер министрден заңды негіздердің бар-жоғын тексеруді сұрады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная