30 сәуір 2024 | 09:33

Қаратау уран кенішін жаңғырту кезінде 862 миллион теңге жымқырылған

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қаратау кенішіндегі уран өңдеу кәсіпорнын жаңғырту кезінде 862 миллион теңге жымқыру дерегі бойынша тергеу аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қаратау кенішіндегі уран өңдеу кәсіпорнын жаңғырту кезінде 862 миллион теңге жымқыру дерегі бойынша тергеу аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Қаратау" ЖШС бұрынғы басшылығына ("Қазатомөнеркәсіп" ҰАК АҚ еншілес ұйымы), "Iri building" ЖШС мердігерлік ұйымының директорына, сондай-ақ авторлық және техникалық қадағалау өкілдеріне қатысты тергеуді аяқтады.

"Мердігер 2019-2021 жылдары Түркістан облысы Созақ ауданындағы Қаратау кенішінде уран өңдеу кәсіпорнын жаңғырту жобасын іске асыру шеңберінде құрылыс-монтаждау жұмыстарына бөлінген 862 миллион теңгені жымқырды деп күдіктеліп отыр.

Жымқыру авторлық, техникалық қадағалау өкілдерінің қолдауымен және "Қаратау" ЖШС басшылығы тарапынан немқұрайлылық нәтижесінде жасалған", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жіберілді.

"Iri building" ЖШС-нің нақты иесі іздеуде. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды", - делінген хабарламада.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная