Қарбызды қабығымен жегізеді. Желіде қорлық көрген балалардың видеосы тарады

Видеодан алынған кадр

Белгісіз ер адам екі баланы жерде қарбызды қабығымен жеуге мәжбүрлеп, видеоға түсірген. Ол Желі қолдаланушыларының наразылығын тудырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Белгісіз ер адам екі баланы жерде қарбызды қабығымен жеуге мәжбүрлеп, видеоға түсірген. Ол Желі қолдаланушыларының наразылығын тудырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде, пікір қалдырушылардың айтуынша, қорлық көрген балалардың видеосы тарады. Кадрларда ер адам жерде жатқан қарбызды балаларға қабығымен жегізеді. Оларға "шайнамай сиыр құсап же" деп, видео бойы былапыт сөздер айтады. 

АБАЙЛАҢЫЗ, ӘДЕПСІЗ СӨЗДЕР!

Реклама
Реклама

Видео авторының сөзіне қарағанда, балалар егістіктен қарбыз ұрлағаны үшін жазаланғанын түсінуге болады. Алайда оқиға қай жерде болғаны белгісіз. Ал әлеуметтік желі қолданушылары ер адамның өзін жазалау керегін айтып жатыр. 

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин бұл іс бойынша Қазақстан Ішкі істер министрлігіне ресми сұрау жіберілгенін айтты. Ол бұл оқиға болған жерді жылдам анықтауға және кінәлілерді жауапқа тартуға көмектеседі деп үміттенеді.

Ал Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі қазір мамандар видеоны тексеріп жатқанын хабарлады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама