18 қаңтар 2024 | 14:32

Қарда жалаңаяқ: қазақстандықтар балабақшада түсірілген видеоны талқылап жатыр

видео кадры

Ақтөбе облысында балаларды қарға шығарып, шынықтырған балабақша қызу талқыға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе облысында балаларды қарға шығарып, шынықтырған балабақша қызу талқыға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Видео балабақшаның әлеуметтік желідегі парақшасында пайда болды. Видеода методист пен балалар жалаңаяқ қарда жүгіріп жүргені көрсетілген.

instagram.com/do40baldauren/

Реклама
Реклама

Ақтөбе облысының Білім басқармасы өкілдері бұл видеоға қатысты пікір білдірді. №40 Балдаурен мектепке дейінгі ұйымы өз қызметін 1973 жылы бастап, 2018 жылы сенімгерлік басқаруға берілген. 2023 жылы сенімгерлік басқару келісім шарты ұзартылды. Қазіргі танда балабақшада 372 бала тәрбиеленіп жатыр.

"Шынықтыру тобы 1990 жылдан бері жұмыс жасап келеді. 30 жылдық тәжірибесі бар бұл топта шынықтыру шаралары жүйесі, оның ішінде тыныс алу жаттығулары, түрлі сынап бағанында аяқты суға салу, жалаң аяқ жүру, массаж, жуыну және түрлі жұмыстары жүргізіледі. 2020 жылға дейін бұл шынықтыру бағдарламасы "Шынықсаң шымыр боларсың" атты вариативтік бөлімге кірді", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар, Білім басқармасы мәліметінше, 2022 жылдан бастап бағдарлама ақылы қосымша қызмет көрсету қатарына енгізілді. Бұл шынықтыру тобына балалар ата-аналардың өтініші бойынша қабылданады екен.

"№40 " Балдәурен" балабақшасында бұл шынықтыру шарасы жаздан басталады. Жыл бойы шынықтыру шарасы қарқынды жүргізіле береді. Балалар бастапқыда жылы суға, содан соң, салқындатылған, әрі қарай қар қосылған суға, содан кейін ғана екі, үш айдан соң қар үстінде жүгіруге шығады", - деп жазылған хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная