Кәрім Мәсімов жазда аймақтарды аралайды

©Primeminister.kz

ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттарға биыл жаз жұмыс сапарымен өңірлерді аралайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Биыл жазда 2012 жылғыдай облыстарды аралап, жергілікті жерлердегі нақты мәселелермен танысуды жоспарлап отырғанымды айтқым келеді. Сапар барысында сіздер айтқан сындарлы ұсыныстарды қарастыратын боламын", - деді Мәсімов.

Ол күзде Үкіметтің Парламентке 2014 жылға арналған бюджетке қатысты түзетулерді бағыттайтынын айтты. "Келесі жолы Үкімет отырысында біз сіздердің ұсыныстарыңызды жан-жақты қараймыз. Палаталарда, комитеттерде қаралған мәселелердің бәрі сөзсіз мұқият талқыланады. Әсіресе, күзде, алдағы үш жылға бюджет нақтыланған кезде біз алдымызға қойылған кейбір мәселелерге нақты жауап беруге тырысамыз", - деді ол.

Реклама
Реклама

Палаталардың бірлескен отырысында Үкіметтің 2013 жылғы республикалық бюджеттің орындалуы туралы есебі талқыланғанын еске саламыз.

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама