ПОДЕЛИТЬСЯ
16 наурыз 2022 | 14:59
Қарин Тоқаевтың аралас сайлау жүйесіне көшу туралы ұсынысын түсіндірді
Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аралас сайлау жүйесіне көшу туралы ұсынысын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аралас сайлау жүйесіне көшу туралы ұсынысын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Аралас сайлау жүйесіне көшу - айтарлықтай салмақты қадам. Парламентте 70 те 30 пайыз болады, аралас сайлау жүйесіне көшеміз. Өңірлерде облыс деңгейінде 50 де 50 пайыз аралас жүйе енгізіледі, ал аудандар мен қалаларда толығымен мажоритар жүйе болады. Бұл партиясыз кандидаттардың саяси өмірге белсене араласуына мүмкіндік береді", - деді Ерлан Қарин Мәжіліс алаңында.
Еске салайық, Тоқаев "барлық азаматтар құқығын толығымен ескеретін неғұрлым үйлесімді, аралас сайлау жүйесіне" көшуді ұсынған болатын.
Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жолдаған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также