ПОДЕЛИТЬСЯ
15 наурыз 2022 | 13:20
Қаржы министрі ЕАЭО мен Қытайдың "бірыңғай валютасы" туралы ақпаратқа пікір білдірді
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ЕАЭО мен ҚХР арасындағы тәуелсіз халықаралық валюта-қаржы жүйесінің жобасын әзірлеу туралы желіде тараған ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ЕАЭО мен ҚХР арасындағы тәуелсіз халықаралық валюта-қаржы жүйесінің жобасын әзірлеу туралы желіде тараған ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Министрлер арасында мұндай мәселе күн тәртібіне шыққан жоқ. ЕАЭО шеңберінде күн тәртібіне шығатын мәселе мен маңызды сұрақтар бар. Мысалы, ведомствоаралық органдар, мемлекетаралық органдар. ЕАЭО шеңберінде мұндай мәселелер қарастырылған жоқ. Мүмкін, бұл бір жалған ақпарат болды", - деді Жамаубаев Үкімет кулуарында.
Министр қазақстандықтар мен БАҚ-ты тек ресми дереккөздерден ғана ақпарат алуға шақырды.
"Құдайға шүкір, Ақорда, Үкімет және мемлекеттік органдардың Telegram-арналары бар. Халықты бұл мәселеден қорықпауға және осындай қауесеттерге байланысты жағдайды ушықтырмауға шақырамын", - деп түйіндеді министр.
Айта кетейік, бұдан бұрын БАҚ-та ЕАЭО мен Қытай тәуелсіз халықаралық валюта-қаржы жүйесінің жобасын әзірлейтіні туралы ақпарат пайда болды, оның шеңберінде жаңа бірыңғай валюта көзделеді.
Ресейлік жаңалықтар басылымдарының деректері бойынша, осы тақырыпта диалог 11 наурызда Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) мен Қытай Халық университеті (RDCY) өкілдері арасында бейнеконференция режимінде өткен.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также