Қаржы министрі жалақысы қанша екенін айтты

Фото:t.me/KZgovernment

Жуырда ғана қызметіне кіріскен қаржы министрі Мәди Такиев жалақысын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жуырда ғана қызметіне кіріскен қаржы министрі Мәди Такиев жалақысын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, ол Қаржы министрлігінің басшысы ретінде "миллион теңгеден аса" алады.

"Мен жалақымның қанша екенін білдім. Бізде барлық мемлекеттік қызметкерлер үшін бірыңғай сетка бар. Сондықтан мен осы сетка бойынша жалақы аламын. Сіздің сұрағыңыз бойынша, 1 миллион теңгеден асады, шамамен 1,5 миллион теңге аламын. Мұнда менің еңбек өтілім ескеріледі", - деді Мәди Такиев Мәжілістің жалпы отырысынан соң.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Мәди Такиев бұрынғы үкімет отставкаға кеткеннен кейін биылғы 6 ақпанында Ерұлан Жамаубаевтың орнына қаржы министрі болып тағайындалған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама