ПОДЕЛИТЬСЯ
24 мамыр 2023 | 12:55
Қаржы министрі қазақстандықтардың мобильді аударымдарын бақылау туралы айтты
Мәжіліс кулуарында қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтан фискалдық органдар күніне 100-ден аса мобильді аударым жасайтын қазақстандықтарды қашан тексере бастайтынын сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мәжіліс кулуарында қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтан фискалдық органдар күніне 100-ден аса мобильді аударым жасайтын қазақстандықтарды қашан тексере бастайтынын сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жамаубаевтың айтуынша, қазіргі кезеңде екінші деңгейлі банктермен ақпарат алмасу жолға қойылып жатыр және мобильді аударымдарды белсенді қолданушылар алаңдамаса болады.
"Қоғамды алаңдатпай-ақ қояйық, бұл 2025 жылға дейінгі жүйелі жұмыс. Ешқандай тексерістер, дүрбелең және халық пен бизнеске қысым болмайды. Мен сізге кепілдік беремін", - деп уәде берді қаржы министрі.
Сондай-ақ, Жамаубаев Мемлекеттік кірістер комитеті жиі аударымдар жасайтын қазақстандықтардың тізімін жасамайтынына сендірді.
"Тағы айтып отырмын. Біз басқа мемлекеттік органдардың мәліметтер базасынан ақпарат аламыз. Біз жеке дерекке қолсоғушылықпен айналыса алмаймыз. Егер біздің тараптан біреу айналысса мен ол адамды жұмыстан шығарамын", - деді ол.
Сонымен қатар, салық кодексіне енгізілген өзгерістер интернет арқылы сатылатын тауарларға цифрлық салықты ("Google салық") енгізуді де қарастырады. 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда тауарлар мен қызметтерді ұсынатын шетелдік интернет-компаниялардың ҚҚС тіркеу және төлеудің оңайлатылған тәртібі қарастырылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также