19 сәуір 2022 | 11:53

Қаржы министрі КҚК апатынан келген шығын туралы айтты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:facebook.com/cpcpipe

Премьер-министрдің орынбасары - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Каспий құбыр консорциумындағы (КҚК) апаттан келген шығынның шамамен алынған сомасын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Премьер-министрдің орынбасары - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Каспий құбыр консорциумындағы (КҚК) апаттан келген шығынның шамамен алынған сомасын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, әзірге нақты шығынды есептеу мүмкін емес. Өйткені бәрі ақауды қанша уақытта қалпына келтіретініне және санкцияларға байланысты.

"(Залал - еск.) 100-150 миллиард теңгеге бағаланып отыр. Тез қалпына келтірілсе, әрине, аз болады", - деді министр Үкімет отырысынан кейін журналистер сұрағына жауап беріп.

Реклама
Реклама

22 наурызда Қара теңіздегі қатты дауыл салдарынан Каспий құбыр консорциумының (КҚК) құбыр жүйесі зақымданғаны белгілі болды. КҚК Қазақстанның барлық мұнай экспортының үштен екісінен астамын қамтамасыз етеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram