08 желтоқсан 2020 | 15:31

Қаржы министрлігі ақтөбелік шенеуніктің арызына қатысты пікір білдірді

Қазақстанның Қаржы министрлігінің өкілдері Ақтөбе әкімдігі тұрғын үй бөлімінің бұрынғы басшысы Жанаргүл Дүйсекенованың моральдық зиянды өтеу туралы арызына пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның Қаржы министрлігінің өкілдері Ақтөбе әкімдігі тұрғын үй бөлімінің бұрынғы басшысы Жанаргүл Дүйсекенованың моральдық зиянды өтеу туралы арызына пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ақтөбе қалалық сотында Ж.Б. Дүйсекенованың 3 000 000 теңге көлемінде моральдық зиянды өтеу туралы талап-арызы қарастырылып жатыр, онда жауапкерлер ретінде Ақтөбе облысының полиция департаменті мен Қаржы министрлігі тартылды.

Қаржы министрлігі сотқа мемлекеттік қазынаның өкілі ретінде қатысады және оның қылмыстық қудалауға қатысы жоқ", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Министрлік мәліметінше, азаматтық іс әлі қаралып болған жоқ.

"Қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тарту, қамауға алуды бұлтартпау шарасы ретінде заңсыз қолдану, үйқамаққа алу, ешқайда кетпеу туралы қол қою салдарынан келтірілген зиянды мемлекет өтейді. Төлем "Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві" бюджеттік бағдарламасы бойынша жүргізіледі", - делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, 2019 жылдың 14 наурызында Ақтөбе облысы полициясының аға тергеушісінің қаулысымен Жанаргүл Дүйсекенова қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылды. Оның әрекеттері Қылмыстық кодекстің 190-бабы ("Алаяқтық"), 3-бөлігі, 2-тармағы бойынша сараланды.

"Кейін қылмыстық іс Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне жолданды. Биыл 19 ақпандағы сот үкімімен Дүйсекенова ақталып шықты.

Соттың 24 шілдедегі қаулысы бойынша Дүйсекенованың мүліктік зиянды өтеу туралы талабы қанағаттандырылды. Мемлекеттік қазынадан оның пайдасына 4 072 073 теңге өндірілді", - делінген Қаржы министрлігінің хабарламасында.

Еске салайық, мұның алдында ақталып шыққан ақтөбелік шенеуніктің Қаржы министрлігін сотқа бергені хабарланған болатын.  Ақтөбе әкімдігінің тұрғын үй бөлімінің бұрынғы басшысы Жанаргүл Дүйсекенова бір жылдан астам қылмыстық қудалауда болған. 2019 жылдың сәуірінде ол қызметтік жағдайын пайдаланып алаяқтық жасады деген күдікпен қамауға алынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная