13 қыркүйек 2023 | 11:08

Қаржы министрлігі "Ерұлан Жамаубаевтың полицейлерге ұсталған" суретіне қатысты пікір білдірді

Сурет: primeminister.kz

Қаржы министрлігі қаржы министрінің әлеуметтік желіде тараған "полицейлерге ұсталған" суретін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қаржы министрлігі қаржы министрінің әлеуметтік желіде тараған "полицейлерге ұсталған" суретін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың суреті пайда болды. Суреттің астында министрді белгілі бір "Қазақстан банкі" сотқа бергені туралы мақалаға сілтеме берілген.

Реклама
Реклама

Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі министрге қарсы сот ісі туралы ақпарат, сондай-ақ оның "ұсталуы" түскен сурет жалған екенін хабарлады.

"Желіде қоғамдық тәртіпті бұзатын жағдай жасауға, сондай-ақ азаматтардың құқығы мен заңды мүдделеріне, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне зиян келтіруге бағытталған көрінеу жалған ақпарат тарап жатыр. Осы құқыққа қайшы әрекет үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі..

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная