17 қараша 2022 | 11:50

Қаржы министрлігі: партияларды қаржыландыруға жылына 8 миллиард теңге бөлінеді

Дина Шарипханова Корреспондент

Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мәжілісте ұсынылған үш саяси партияны қаржыландыру қанша тұратынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мәжілісте ұсынылған үш саяси партияны қаржыландыру қанша тұратынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенат кулуарында журналистер вице-премьерден партиялардың біріне миллиард доллар бөлініп жатыр деген ақпаратқа қатысты пікір білдіруді сұрады.

"Бұл шындыққа жанаспайды. Бізде партиялардың, Мәжілісте отырған барлық партияның қаржыландыруы туралы толық ақпарат бар. Заң жүзінде қабылданған белгілі бір есептеулер бар, солардың негізінде қаражат бөлінеді. Жалпы сома үш тарап үшін де 8 миллиард шамасында. Бұл бір жылға арналған, республикалық бюджетте бар", - деді Жамаубаев журналистер сауалына жауап беріп.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная