29 қаңтар 2024 | 15:14

Қаржы пирамидасы туралы вайнерлер ісі: қазақстандық қайтыс болған адамның төлқұжатын қолданған

Фото: mvd.gov.kg

Қаржы пирамидасын құрғаны үшін іздеуде жүрген қазақстандықтың Қырғызстанда ұсталуына қатысты мән-жайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қаржы пирамидасын құрғаны үшін іздеуде жүрген қазақстандықтың Қырғызстанда ұсталуына қатысты мән-жайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Бішкек МҰҚК мәліметінше, 2023 жылғы 30 желтоқсанда Бішкекте Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217-бабы ("Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету") бойынша айыпталушы 1985 жылы туған шетелдік азамат О.А. ұсталды. Сырттай бұлтартпау шарасы – қамауға алу таңдалды.

"Ұсталған азамат Қырғыз Республикасының 2000 жылы қайтыс болған азаматының төлқұжатын заңсыз алып, бірнеше рет пайдаланғаны анықталды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Күдікті Қазақстанның құқық қорғау органдарынан жасырынып, Қырғызстанның мемлекеттік шекарасын кесіп өткен, ал тіркеу органының лауазымды адамдары оған республикада одан әрі заңдастыруға жәрдем көрсетті.

"Сонымен қатар, ол есірткі заттарын сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 150 мың сомға айыппұл салынды", - деді МҰҚК.

Қырғызстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 347-бабы ("Заңсыз төлқұжат беру") бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Паспортты заңсыз берді деген күдік бойынша 1981 жылы туған Қ.А. халықты тіркеу департаменті Бішкек Октябрь ауданының паспорттық-визалық және тіркеу жұмысы бөлімінің жетекші маманы ұсталып, Бішкек МҰҚК ӘӘК-не қамауға алынды.

Қаржы пирамидасы туралы вайнерлер ісі: Бішкекте қазақстандық ұсталды

Айта кетейік, 2023 жылғы 23 маусымда Алмалы аудандық соты танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа Mudarabah Capital қаржы пирамидасы туралы іс бойынша үкім шығарды.

Төребаев пен Шерниязов Қылмыстық кодекстің 217-бабы "қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және басқару" бойынша кінәлі деп танылды.

Сонымен қатар, Алмалы ауданының соты вайнер Мейіржан Төребаевқа қауіпсіздігі ең төмен колонияда бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Мейірхан Шерниязовқа да дәл осындай жаза берілді. Қалған қатысушыларға 8 жылдан 14 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар, сот жәбірленушілердің 1 миллиард 861 миллион 752 мың 441 теңгеден аса сомадағы талабын қанағаттандырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная