05 шілде 2024 | 10:52

Қаржы пирамидасын басқарды деген күдікті Армениядан Қазақстанға экстрадицияланды

видео кадры

Армениядан Қазақстанға қаржы пирамидасын басқарған тағы бір күдікті экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәлеметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Армениядан Қазақстанға қаржы пирамидасын басқарған тағы бір күдікті экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәлеметіне сілтеме жасап.

Бүгін Бас прокуратура және Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлері Қазақстан Республикасының Армениядағы елшілігінің көмегімен қаржы пирамидасын басқарған Қазақстан азаматшасын қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін елге экстрадициялаған.

"2019 - 2021 жылдар аралығында күдікті Қостанай облысындағы Finiko қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарған, нәтижесінде жалпы сомасы 167 миллион теңгеден аса сомаға қырыққа жуық жәбірленуші алданған. Қылмыстық топқа қатысушылардың бір бөлігі бұрын жазаның әртүрлі түрлеріне сотталған, ал қылмыс жасалғаннан кейін күдікті Арменияда жасырынған және ол сол елде ұсталды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Қазіргі уақытта күдікті Ақтаудағы тергеу изоляторына қамаққа алынды. Айып тағылған қылмысты жасағаны үшін 7 жылға дейінгі мерзімге белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная