ПОДЕЛИТЬСЯ
14 маусым 2023 | 09:03
Қаржы пирамидасын құрды деген вайнерлер 5 жылға сотталуы мүмкін
Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Мемлекеттік айыптаушы "Астекс", "Мудараба капитал" қаржы пирамидаларын құрған танымал вайнерлерге осындай жаза кесуді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Прокурор ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамына кірді деп тағылған айыпты дәлелдің жоқтығына байланысты алып тастауды ұсыныпты. 200-ге жуық адамды сан соқтырып кеткен өзге тоғыз айыпталушы 8-15 жыл аралығында арқалауы мүмкін.
Тергеу мәліметінше, ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі – Алмас Құрманғалиев. Оның көмекшісі Дания Рахымованың банктегі шотынан 220 миллион теңге, "Астекс" компаниясының құрылтайшысы әрі директоры Ерлан Мансұровтан 800 миллион теңге табылған.
"Мудараба капиталдың" басшысы Руслан Бурканов ортада делдал болыпты. Оған клиенттермен келісімшарт құру, ақша алу сынды міндет жүктелген. Ал салымшылардан түскен қыруар қаражат мейрамхана, көлік, шұжық шығаратын цех сатып алуға және тағы басқа бизнеске жұмсалған.
Жалпы, келтірілген шығын 5 миллиард теңгеден асады. Жарты жылға жалғасқан атышулы істің соңғы нүктесі алдағы күндері қойылуы мүмкін.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также