ПОДЕЛИТЬСЯ
28 ақпан 2022 | 18:04
Қаржы пирамидасын құрды деп айыпталған ерлі-зайыпты 1,3 миллиард теңге жинаған - АФМ
Алматы облысында мемлекетаралық іздеу жарияланған ерлі-зайыпты ұсталып, қамауға алынды. Оларға қаржы пирамидасын құрды және екі мыңнан астам қазақстандықты алдады деген айып тағылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы облысында мемлекетаралық іздеу жарияланған ерлі-зайыпты ұсталып, қамауға алынды. Оларға қаржы пирамидасын құрды және екі мыңнан астам қазақстандықты алдады деген айып тағылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство қаржы пирамидасы деп танылған тұрғын үй-құрылыс кооперативін ұйымдастырушы ерлі-зайыпты ұсталғанын растады. Оларға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
"2019 жылдың қарашасынан 2021 жылдың қарашасына дейін еліміздің 12 аймағынан екі мың салымшыдан пайызсыз қарыз беру арқылы жылжымайтын мүлікті сатып алуға жәрдемдесу үшін 1,3 миллиард теңге алғаны анықталды", - делінген хабарламада.
АФМ кооператив құрылтайшыларының жасалған қылмысқа еш қатысы жоқтығы, олар құрылтайшылық және басқа да құжаттарға ешқашан қол қоймағанын айтты. Сонымен қатар, тұтыну кооперативі өз қызметін қолданыстағы заңнаманы бұзып жүргізгені айтылды.
Қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы 350-ден аса азамат өтініш білдіргені хабарланды.
Соттың санкциясымен аталған кооперативтің есеп айырысу шоттарындағы жылжымайтын мүліктері, қаражаттары тәркіленді.
Шымкент, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Түркістан облыстары бойынша департаменттер де осы өңірлердегі қаржылық пирамиданы басқару дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастағаны атап өтілді.
AФM қаржы пирамидасының құрбандары әлдеқайда көп болуы мүмкін екенін ескеріп, егер "Елім-ай" тұтыну кооперативіне мүше таныстарыңыз болса, мына телефонға хабарласуды сұрады:+7 (7172) 708-478.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также