Бұл «Қаржыға қатысты көзқарасты жаңарту» жобасының сегізінші сабағы, жобада біз инвестициялар және қаржы жөніндегі сарапшы Әсел Әуелбековамен бірге қаржылық ой-танымымызды жетілдіреміз. Шығындарды оңтайландырып, “қауіпсіздік жастығын” қалай жинауға болатынын айтып береміз.
Адамның нақты қаржылық мақсаты болмаса, қаражаты қолда тұрақтамайды. Ақша жинау үшін не істеу керек? Неден бастарыңызды білмесеңіз – 4 сұраққа жауап беріп көріңіз, бәрін түсінесіз.
ҚАРЖЫЛЫҚ ЖОСПАРДЫҢ ФОРМУЛАСЫ:
1. Мен нені қалаймын? (НАҚТЫ МАҚСАТ)
2. Ол маған қашан қажет? (МЕРЗІМІ)
3. Ол қанша тұрады? (НАҚТЫ СОМАСЫ)
4. АйЫНА қанша ЖИнап отыруым керек? (АЙ САЙЫНҒЫ ТӨЛЕМ)
Мысалы: Пәтер алғыңыз келеді. 3 жылдан кейін ипотека ресімдеу жоспарыңызда бар. Ол үшін 5 млн теңге көлемінде бастапқы жарна жинап қоюыңыз керек. Бұл соманы 36 ай ішінде жылдық 18% мөлшерлемемен депозитте жинау үшін, айына 105 762 теңге бөліп отыруыңыз қажет.
Мынадай жаттығу ұсынамыз – жоспар құрыңыз:
- Барлық қаржылық мақсаттарыңызды жазыңыз;
- Әрқайсысының мерзімін белгілеңіз;
- Әр мақсаттың құнын есептеңіз;
- Айына қанша жинап отыратыныңызды санаңыз.
Ережені есте сақтаңыз: Нақты қаржылық мақсат болмаса, ақша қолда тұрақтамайды.
табысты есептеу: бәрін санаңыз
Сізге қанша ақша түсетінін және қанша жұмсалатынын есептеуден бастаңыз. Былтыр қанша табыс тапқанын бірден айта алатын адам аз. Өйткені жалақыдан бөлек, ақша адамға әр түрлі жерден келуі мүмкін, оларды есепке алып жатпаймыз.
Сонымен, нені есепке алуымыз керек? Кірістің барлығын:
- жалақы мен сыйақы;
- пайыздар мен дивидендтер;
- кэшбэктер;
- ақшалай сыйлықтар;
- «Отбасы банкіндегі» депозитке түскен мемлекеттік сыйақы;
- басқа да кез келген кіріс.
Шығындар жағы қиындау, өйткені шығын, әдетте, көп болады. Адам күніне орта есеппен шамамен үш рет төлем жасайды. Арасында ірісі де, ұсағы да бар. Оны көбісі есептеп отырмайды. Кіріс пен шығысты санағанда бір ай емес, кемінде бір жылдың есебін қарау маңызды.
шығынның есебін қалай жүргізген жөн
Бастысы – сол сәтте жазып отыру. Кейінге қалдырмау керек. Азық-түлік сатып алдыңыз ба? Кассадан кетпей тұрып, шығынды жазып қойыңыз.
Мысалы:
- Бір бөтелке су алсаңыз → шығынға қосасыз
- Ұялы байланысты төледіңіз → бірден жазып қойдыңыз
- Бірнеше секунд қана кетеді, бірақ талдау үшін өте маңызды ақпарат береді
Бұл үшін жай ғана блокнот немесе арнайы қосымшаларды.
Мақсаттар да орындалып, капитал да өсуі үшін, ақшаны қалай басқарған жөн? Бюджетті 3 блокқа бөліңіз.
1 БЛОК: БОЛАШАҚ МАҚСАТТАР
Оған не кіреді:
- Мақсаттарыңызға жету үшін қажетті сома;
- Ай сайынғы есептелген жинақтарыңыз.
2 БЛОК: НЕГІЗГІ ШЫҒЫНДАР (МІНДЕТТІ)
Оған не кіреді:
- Баспана (жалдау немесе ипотека);
- Негізгі азық-түліктер;
- Көлік;
- Ұялы байланыс;
- Интернет;
- Коммуналдық төлемдер;
- Кредит пен бөліп төлеу шығындары;
- Балаларға жұмсалатын міндетті шығындар.
+ҚОСУ: Жоспардан тыс шығындар - міндетті шығындарға +10%
3 БЛОК: ҚАЛАУЛЫ ШЫҒЫНДАР (МІНДЕТТІ ЕМЕС)
Оған не кіреді:
- Кино мен кафеге бару;
- Жақындарыңызға сыйлық алу;
- Спортзал;
- Маусымдық киім;
- Үйге тамаққа тапсырыс беру;
- Сұлулық салондары;
- Тағы басқалары.
АҚША ЖЕТПЕСЕ, НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
Көбісі есеп жүргізгенде болашақ мақсаттардың шығындарын жазғаннан кейін-ақ, табысының таусылып қалатынын түсінеді. Сонда не істеу керек дейсіз ғой? Өте орынды сұрақ. Оның жауабы біреу – табыс көзін көбейтудің жолдарын іздеу.
❌ Шығын: Барынша 100% қысқартуға болады
✅ Табыс: Шексіз рет арттыруға болады
✅ Табыс: Шексіз рет арттыруға болады
ҚОРЫТЫНДЫ: Табысты барлық мүмкін әдістермен арттыруға кірісу
АРТЫҚ АҚША ҚАЛСА ШЕ?
Шығындардың есебін жүргізгеннен кейін ақша қалса ше? Оны мақсаттарыңызға жетуге бағыттаңыз. Орынсыз шашпаңыз. «Керек болар» деп, мақсатсыз кейінге алып қалмаңыз.
Шығындарды қаншалықты терең талдау керек? Ол әркімнің өзіне байланысты. Десе де, қарапайым шығындар трекері ақшаңыздың қайда кетіп жатқанын анық көрсете алады. Содан бастап көріңіз.
10 санат жасап қойыңыз
1. Үйге сатып алатын азық-түлік
2. Көлік: такси мен қоғамдық көліктен бастап, көлік жуу, жанармай құю мен автокредитке дейін (егер бар болса)
3. Баспана: жалға алу/ипотека, коммуналдық төлем, үйдегі интернет
4. Білім алу: біліктілікті арттыру, курстар, кітап сатып алу
5. Сусындар: кофе, су, газдалған сусындар, энергетиктер
2. Көлік: такси мен қоғамдық көліктен бастап, көлік жуу, жанармай құю мен автокредитке дейін (егер бар болса)
3. Баспана: жалға алу/ипотека, коммуналдық төлем, үйдегі интернет
4. Білім алу: біліктілікті арттыру, курстар, кітап сатып алу
5. Сусындар: кофе, су, газдалған сусындар, энергетиктер
⚠️ Бұл санат, әдетте, ес жиғызады. Баламалы шешім: үйден фильтрден өткен суды бөтелкеге құйып алып жүру.
6. Балалар: мектеп, балабақша, қосымша сабақтар, киім-кешек, аяқ киім, тәттілер мен күнделікті беретін ақша
7. Медицина, өмірді сақтандыру, дәрігерге бару, дәрі-дәрмек сатып алу
8. Өзіңізге алатын киім-кешек пен аяқ киім
9. Демалыс: кафеге, киноға, сауда орталықтарына бару, туған күндерге сыйлық алу
10. Өзіңізге күтім жасау: сән салондарына бару, спа-процедуралар, т.б.
7. Медицина, өмірді сақтандыру, дәрігерге бару, дәрі-дәрмек сатып алу
8. Өзіңізге алатын киім-кешек пен аяқ киім
9. Демалыс: кафеге, киноға, сауда орталықтарына бару, туған күндерге сыйлық алу
10. Өзіңізге күтім жасау: сән салондарына бару, спа-процедуралар, т.б.
ҚОСЫМША САНАТТАР
11. Түрлі сервистер мен қосымшаларға жазылу
12. Үйге арналған заттар: органайзерлер, сүлгілер, басқа да ұсақ-түйек заттар
13. Саяхат: саяхаттарға кететін барлық шығындар
14. Қайырымдылық: игі істерге жұмсайтын кез келген шығындар, айына 500₸ болса да
12. Үйге арналған заттар: органайзерлер, сүлгілер, басқа да ұсақ-түйек заттар
13. Саяхат: саяхаттарға кететін барлық шығындар
14. Қайырымдылық: игі істерге жұмсайтын кез келген шығындар, айына 500₸ болса да
⚠️ Аптасына кемінде бір рет қанша жұмсағаныңызды және қанша ақшаңыз қалғанын тексеріп тұруды әдетке айналдырыңыз.
ай соңында міндетті түрде 3 негізгі көрсеткішті жазып қойыңыз:
1. Қанша ақша таптыңыз: Барлық табыс көзі
2. Қанша жұмсадыңыз: Барлық санат бойынша
3. Қанша жинадыңыз: Мақсатқа жету үшін
2. Қанша жұмсадыңыз: Барлық санат бойынша
3. Қанша жинадыңыз: Мақсатқа жету үшін
Міндетті түрде:
- Санап, жоспар мен нәтижені салыстырыңыз
- Келесі айдың жоспарын түзетіңіз
- Мақсатқа жету мерзімін жылжытыңыз (қажет болса)
ЖАТТЫҒУ: ШЫҒЫНДАРДЫ ОҢТАЙЛАНДЫРУ
Жалақының жартысы бекерге кетті. Не істесе болады?
1 қадам: шығындар тарихынА НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
- Кемінде 1 айдың
- Дұрысы – 3 айдың
2 қадам: Санаттарға жіктеңіз
- Әр санаттың бюджетін санаңыз
3 қадам: бюджетті азайтатын ТОП-3 санат
- Ең көп ақша кететін 3 санатты анықтаңыз
4 қадам: Өзіңізге 3 сұрақ қойып көру КЕРЕК
- 1 сұрақ: Оны арзандатуға бола ма?
- 2 сұрақ: Уақытқа бөлуге бола ма?
- 3 сұрақ: Алмастыруға бола ма?
Кафе → аптасына 3 рет тамақ жасау
Такси → жаяу серуендеу
Балалардың қымбат мектебі → репетиторлар
қаржылық қауіпсіздік жастығы
Қауіпсіздік жастығы дегеніміз не? Ол – сізді күтпеген жағдайлардан қорғайтын «сақтандырушы». Өмірде жоспардан тыс жайт болған кезде, қауіпсіздік жастығы сізді тығырыққа тірелуден сақтайды.
Бұл екі жағдайға арналған ақша қоры:
1. Күтпеген шығындар:
- Тоңазытқыш істен шықты
- Аяқ астынан тісіңіз ауырды
- Жақындарыңыздың тойы
- Көлік карбюраторы бұзылды
- Басқа да жағдайлар
2. Табыссыз қалу:
- Жаңа жұмыс іздеу
- Емделу (уақытша жұмысқа жарамсыз болу)
қауіпсіздік жастығының мөлшерін есептеу
Қауіпсіздік жастығы шынымен пайдалы болуы үшін, оның мөлшері қандай болу керегін алдын ала түсініп алу керек. Шамамен есептемей, байыппен, нақты санау.
«АЛТЫН СТАНДАРТ»: негізгі шығындарды 3-6 ай бойы жабуға жететін сома
«БӨЛШЕКТЕП ЖИНАУ» стратегиясы: Бірден 6 айды жинауға тырыспаңыз!
Сатылы жоспар:
- 1 айдың жастығын жинау
- Сосын 2 айға
- Біртіндеп 6 айға дейін ұлғайту
Мысалы:
- Отбасының негізгі шығындары: 380,000₸/айына
- Мақсат: 4 айға жететін қор жасақтау
Есептеу:
- 380,000₸ × 4 = 1,520,000₸
қалай жинаймыз:
1 нұсқа: Жүйелі түрде жинау
Барлық түскен ақшаның 10%-ын жинап отыру
Барлық түскен ақшаның 10%-ын жинап отыру
2 нұсқа: Кездейсоқ кірістер
- Кэшбэктер
- Дивидендтер
- Сыйлықтар
қаржылық жастықты қайда сақтау керек?
Ақша кез келген сәтте керек болып қалуы мүмкін, сондықтан жастық – сіздің құтқарушыңыз.
Жастықты сақтауға оңтайлы жалғыз құрал – депозит:
- Ақша салып отыруға болатын
- Ішінара алуға болатын
❌ БҰЛ ҚАРАЖАТТЫ НЕ ІСТЕУГЕ БОЛМАЙДЫ:
- Инвестициялауға
- Қарызға беруге
- Тәуекелді схемаларға салуға
ҚДКҚ: қазақстанда депозиттер қалай сақтандырылады
ҚДКҚ деген не? Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры. Ол ҚР банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдарын сақтандырады.
Бұл қалай іске асырылады? Егер банк жабылса немесе банкротқа ұшыраса – Қор ақшаңызды қайтарып береді. Бірақ сомасына қатысты шектеу бар. Ішінара шешуге болатын депозиттер үшін: ең көп сақтандырылатын сома – бір банкке 10 000 000 ₸.
Депозитіңіз бұл сомадан артық болса, не істеу керек? Оны бірнеше банкке бөліп тастаңыз.
Мысалы:
- 1 банк — 10 млн ₸ дейін
- 2 банк— 10 млн ₸ дейін
- 3 банк — 10 млн ₸ дейін
Осылайша, әрбір салым жеке-жеке сақтандырылады.
Сондай-ақ, табыстылығы жоғарысына ұмтылмаңыз.
Сондай-ақ, табыстылығы жоғарысына ұмтылмаңыз.
Басымдық берілуі керек:
- Ең көп пайыздарға емес
- Сенімді банктерге
қаржылық жастықты қай валютада сақтау керек?
Қазақстанда тұрасыз ба? Негізгі шығындарды теңгемен төлесеңіз → қаржылық жастықты теңгеде сақтаңыз
Шығындардың бір бөлігін доллармен төлейсіз бе? Сол бөлігін долларлық депозитте сақтаңыз
Шығындарыңыз валюта бағамына тәуелді ме? Сол бөлігін тиісті валютада сақтаңыз.
Есіңізде болсын, ҚАРЖЫҢЫЗДА ТӘРТІП БОЛСА = ӨМІРІҢІЗДЕ ДЕ ТӘРТІП БОЛАДЫ
Ертеңгі өміріңіз кешегіден жақсы болсын десеңіз, бүгіннен бастаңыз!
Тест
Біліміңізді тексеріңіз
Тиімді қаржылық жоспар неден басталады?
2. Жоспарлау кезінде табыс ретінде нені есепке алу керек?
Шығындардың есебін қалай жүргізу керек?
Қауіпсіздік жастығын қайда және қалай сақтау керек?
Қауіпсіздік жастығының мөлшері қандай болуы керек және оны қай валютада сақтаған дұрыс?
🔴 Төмен нәтиже
Сіздің ақшаңыз қолыңызда тұрмайды. Сабақты қайта көріп, кіріс пен шығыстың есебін жүргізіңіз, кішігірім сома болса да, жинай бастаңыз — сонда ақшаңызды бақылауда ұстайсыз.
🟠 Орташа нәтиже
Сіз бюджетіңізді жартылай қадағалайсыз, кей кездері ақшаңыздың қайда кеткенін білмей қаласыз. Мақсаттарыңызды қайта саралап, шығындарды оңтайландырыңыз, жүйелі түрде ақша жинап отыруға тырысыңыз.
🟠 Орташа нәтиже
Сіз бюджетіңізді жартылай қадағалайсыз, кей кездері ақшаңыздың қайда кеткенін білмей қаласыз. Мақсаттарыңызды қайта саралап, шығындарды оңтайландырыңыз, жүйелі түрде ақша жинап отыруға тырысыңыз.
🟢 Жоғары нәтиже
Ақшаңызды үнемі бақылауда ұстайсыз, нақты мақсаттарыңыз бен қауіпсіздік жастығыңыз бар. Шығындарыңызға талдау жасап, жоспарыңызды өзгертіп тұрыңыз — осылайша жинақтарыңыз еш қауіпсіз көбейіп отырады.
©TengriNews 2025
Жоба ҚНРДА
қолдауымен жасалды
қолдауымен жасалды