30 қазан 2020 11:44

"Қарқаралы ауыл болды ма?". Әкімдік Желідегі хабарламаға жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© varandej.livejournal.com © varandej.livejournal.com

Желіде Қарағанды облысындағы ескі Қарқаралы қаласы ауылға айналғаны туралы ақпарат пайда болды. Stopfake.kz тілшілері бұл ақпаратты тексеріп көрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Желіде Қарағанды облысындағы ескі Қарқаралы қаласы ауылға айналғаны туралы ақпарат пайда болды. Stopfake.kz тілшілері бұл ақпаратты тексеріп көрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде Қазақстанның 13 қаласы ауыл мәртебесін алғаны туралы жаңалық пайда болды. Бұл тізімде Қарағанды облысындағы Қарқаралы қаласы да бар.

Алайда аймақ әкімдігі қаланың мәртебесі өзгеріп, ауылға айналғаны туралы ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды.

"Қарқаралы бұрынғыдай қала және бұл мәртебе өзгеріссіз қалады. Бұл қалада тоғыз мыңға жуық адам тұрады", - деді Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Марина Шаповалова.

Айта кетейік, қаңтарда қазақстандық телеарна Қарқаралының ауылға айналуы мүмкін екенін хабарлаған болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети