Қарлы боран, тұман және көктайғақ. 29 желтоқсанда ауа райы қандай болады?

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Қарлы боран, тұман және көктайғақ. 29 желтоқсанда ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 29 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктер 29 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, еліміздің батыс өңірлері әлі де циклон ойпатының ықпалында болады, осыған байланысты қар аралас жаңбыр жауады.

"Елдің солтүстік – батысында, солтүстігінде, орталығында, шығысында атмосфералық фронтальды жүйелердің өтуімен қар, оңтүстігінде жаңбыр, қар жауады. Тек ҚР оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Республиканың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, батысы мен оңтүстігінде көктайғақ болжанды, еліміздің батысында, оңтүстік-шығысында жел күшейеді.

Астана қаласы: көшпелі бұлтты, кей уақыттарда қар жауады. Шығыстан жел соғады, күші – 3-8 м/с. Ауаның температурасы түнде -12-14 градус, күндіз -8-10 градус болады.

Алматы қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауаның температурасы түнде -4-6 градус, күндіз +1+3 градус болады.

Шымкент қаласы: көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) жауады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 5-10 м/с. Ауаның температурасы түнде 0,-2 градус, күндіз +6+8 градус болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама