ПОДЕЛИТЬСЯ
09 ақпан 2024 | 17:01
Қарлы боранда жолға шыққан: жантүршігерлік жол апатының видеосы жарияланды
Шығыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО ТЖД мәліметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шығыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО ТЖД мәліметіне сілтеме жасап.
Шығыс Қазақстанда ауа райы әлі де қолайсыз болып тұр. ШҚО ТЖД құтқарушылары мен полиция қызметкерлерінің ескертулеріне қарамастан, азаматтар қауіпсіздік шараларына тиісті назар аудармайды. Олар қатты жел соғып, борап тұрған жолға шығып, жол ережелерін сақтамайтын жағдайлар жиі кездеседі.
"Глубокое ауданында "Секисовка-Быструха" автожолында жол-көлік оқиғасы болды. Оқиға орнына келген ШҚО ТЖД құтқарушыларының көмегі қажет болды, олар гидравликалық құралдың көмегімен "Камри" автокөлігінің шанағының бөлшектерін ашып, жәбірленушіні шығарып алып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды", - делінген хабарламада.
ШҚО ТЖД "Қазгидромет" ақпараты бойынша өңірде 9-10 ақпанда ескерту жарияланғанын хабарлады: жаңбыр, қар, боран, көктайғақ, қатты жел соғады.
"Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз. Жол жағдайын "Дармен" тегін мобильді қосымшасын жүктеу арқылы нақтылауға болады. Сондай-ақ, Республикалық маңызы бар жолдардың жай-күйі туралы 26-28-08, облыстық-57-42-52 телефондары арқылы нақтылауға болады".
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также