21 мамыр 2019 | 10:19

Кәрім Мәсімов әкесі жайлы естелік кітап жазды

Қажымқан Мәсімов

Кәрім Мәсімов әкесі жайлы естелік кітап жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Кәрім Мәсімов әкесі жайлы естелік кітап жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кітап "Тамыр" деп аталады және ол қазақ тілінде жазылған. Кітапты онлайн мына жерден оқуға болады. Кітаптың алғысөзін белгілі қайраткер әрі ғалым Мырзатай Жолдасбеков жазған.

Реклама
Реклама

"Таяуда әкеме арнап кітап жаздым. Біздің әулетіміздің тамыры, өмірі баяндалады. Сондықтан оны әулеттің тарихы деуге болады. Өзіңіз білесіз, қазақ халқы шежіреге көп мән береді. Ата-бабаң кім, әке-шешең қандай болған? Бұл балаларға аманат болып қалады. Соның ішінде әкеге сағыныш бар. Сондықтан әулеттің терең тамырымен жалғайтын кітап "Тамыр" деп аталады. Кезінде әкемнің айтқандарына көп мән бермедім, қазір әкемнен айырылғаннан кейін бәрін ой елегінен өткіздім. Бұл кітап солай дүниеге келді", - дейді Кәрім Мәсімов кітабы жайлы.

Кітапта 8 тарау бар. Онда Кәрім Мәсімов өз туыстары мен жақындары жайлы әңгімелейді. Сондай-ақ, өзінің туған ауылы Ақсуға арнайы тарау арнаған. Мұнымен қатар, ҰҚК басшысы отбасылық өмірінің оқиғаларын естелік ретінде жазған.

Қоғам қайраткері Қажымқан Мәсімов 2019 жылғы сәуірдің басында қайтыс болған еді. 18 сәуірде ол 80-ге келер еді. 2016 жылдың қарашасында Қажымқан Мәсімов Қазақстанның Ұлттық агроөнеркәсіп палатасының президенті болып сайланған. 

"Мәсімов сауықтыру орталығы" ЖШС бас директоры әрі Қазақстан йога ассоциациясының басшысы болған.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная