14 қараша 2023 | 13:56

Кәрім Мәсімов тағы қандай күдікке ілінді? ҰҚК жауабы

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов ақшаны жылыстату және пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі растады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов ақшаны жылыстату және пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі растады.

"ҰҚК К.Мәсімовке қатысты ҚР ҚК-ның 218-бабы "Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату)" және 366-бабы "Аса ірі көлемде пара алу" бойынша соталды тергеп-тексеруді жалғастырып жатқанын хабарлаймыз", - делінген хабарламада.

Комитет Қылмыстық-атқару кодексінің 92-бабы 3-бөлігіне сәйкес Мәсімов прокуратураның санкциясымен қылмыстық іс шеңберінде бірқатар тергеу әрекеттерін жүргізу үшін Астанадағы ҰҚК тергеу изоляторына қалдырылғанын айтты.

Реклама
Реклама

"Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес кодекс, соталды тергеп-тексеру материалдары жарияланбайды", - деп толықтырды Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная